МТРА жаңалықтары

Сарбаздар ант қабылдады

Бүгін Петропавлдағы әскери-техникалық мектепте сарбаздардың кезекті легі ант қабылдады. 42 күндік арнайы әскери дайындықтан өтіп, Отан алдындағы борыштарын өтеді десек те болады.

Сарбаздардың қолдарына сертификат табысталды. Осы куәлікпен жергілікті мекенжай бойынша әскери билет рәсімделеді. Әрқайсысы «Атқыш» маманы ретінде арнайы есепке алынады. Әскери-техникалық мектептің биылғы үшінші легінде Тимур Дүйсенбаев та өз борышын өтеді.

ТИМУР ДҮЙСЕНБАЕВ – қатардағы жауынгер, Қостанай облысы
– 42 күн қатарынан білім алып оқыдық, ату нысанына бардық. 121 рет оқ атылды. Жалпы, бұл жерде бүкіл әскери жарғылармен, әскери тәртіппен, әскери өмірмен таныстық. 42 күн құр кеткен жоқ.

Биылғы үшінші лекте 19 сарбаз әскери даярлықтан өткен. Оның 10-ы солтүстікқазақстандық, қалғаны – қостанайлықтар. Айта кеткен жөн, әскери-техникалық мектеп мамандары жыл сайын жасы 24-тен асқан ер азаматтардың 7 легін оқытады.

ЖАСҰЛАН ОСПАНОВ – Петропавл әскери-техникалық мектебінің директоры
–  Жылдың басынан бастап бұл – 3-ші лек. Бірінші лекте 31 адам болды, екіншісінде – 33 адам, ал үшіншісінде – 19 адам. Бір жылда 7-8 легін шығарамыз. Взвод 30 адамнан кем болмайды.1:00 Жас аралықтары 24 жастан 27-ге дейін.

Әскери-техникалық мектепке келесі топ маусымның 24-інде қабылданады. Үміткерлер Халыққа қызмет көрсету орталығында өтініш рәсімдеп, медициналық тексеруден өтуі керек. 42 күндік әскери дайындық курстарының құны 264 мың теңгені құрайды.