МТРА жаңалықтары

Инвестиция тарту

Өңір экономикасына тартылған инвестиция қарқыны да осал емес. Биылғы қаңтар мен мамыр айлары аралығында негізгі капиталға 99,4 млрд теңге құйылған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 7,1 пайызға көп екен.
Құйылған ақшаның жартысынан астамы кәсіпорындардың өз қаржысы болып саналады.
12 пайыздан астамы мемлекеттік бюджеттен келген, банктер берген кредит 3 пайыздық үлесті алса, қалғаны – өзге қаржы көздері. Салалардың ішінде ең көп қаржы құйылғаны – ауыл, орман және балық шаруашылығы. Мұндағы көрсеткіш 48 пайыздан асып отыр. Инвестиция тартуда аудандар арасында Қызылжар ауданы алда болса, Мамлют ауданы көш соңында.

Данаш Хамзина