МТРА жаңалықтары

Есірткімен ұсталған жігіт 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Синтетикалық есірткі тасымалдаған 19 жастағы жігіт 10 жылға дейін бос бостандығынан айырылуы мүмкін. Қызылжар ауданының тұрғыны таксимен есірткімен кетіп бара жатқан жерінде ұсталды. Оқиға көктемде болды. Полиция қызметкерлері “Лада Гранта” көлігін облыс орталығының Абай көшесінде тоқтатады.
Автомобиль салонынан 63 грамнан астам синтетикалық есірткі табылады.
Тергеу кезінде ауыл тұрғынының тағы 20 грамм нашаны басқа жерге жасырып кеткені анықталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-ші бабының 1-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған бапта жаза мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін деп көрсетілген. Жалпы, жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 18 келіден астам есірткі алынған.

Данаш Хамзина