МТРА жаңалықтары

Жаңа жоба – «АНК kids» лагері

2022 жыл – Балалар жылы. Осыған орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында алғаш рет «АНК kids» атты жаңа жоба қолға алынды. Лагерь дейтіндей белгілі бір бөлме таңдалып алынбаған. Дегенмен, жеткіншектер 2 аптаның негізгі бөлігін осында өткізеді. Олар үшін әр кабинеттің есігі айқара ашық. Осы жолы 6 мен 10 жас аралығындағы 15 бала келіпті. Дені – ассамблея шараларына белсенді қатысатын жеткіншектер.

МАРИЯ ТАТАРЕНКО – “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісінің орынбасары
– Балалар түрлі ұлттың мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысты. Ұлттық тағам ұсынылып, ұлттық әдебиет оқылды. Квест, шеберлік сағаттары, би флешмобы – бір сөзбен айтқанда лагерьдің бағдарламасы ауқымды. Мақсат – балаларға Қазақстандағы этностардың сан алуандығын айта отыра олардың татулығын көрсету.

Юрий Боев дәл осы лагерь келесі жыл ұйымдастырылса тағы келемін деп отыр.
Оған, әсіресе, спорттық және танымдық шаралар ұнаған.

ЮРИЙ БОЕВ
– Біз түрлі ұлт өкілдеріне қонаққа бардық. Қазақ, татар, армян ұлттарының салт-дәстүрімен таныстым. Жаңа дүние білдім, барлығы өте қызықты болды. Жаңа дос таптым.

Ассамблея жанындағы жазғы лагерьдің жабылу салтанатына орай арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.