МТРА жаңалықтары

Судың сапасына көңіл толады

Маусымның 1-і күні аққайыңдар өлкесінде шомылу маусымы ресми түрде басталды. Жауапты кезең қарсаңында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері Пестрое көлі мен Есіл өзенінің қалалалық жағажай тұсына барыпты. Сапаны анықтау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мамандар су айдындарынан 12 сынама алыпты. Тынығу орындарындағы топырақ та тексерілген екен. Бүгінде қорытынды дайын. Қолда бар дерекпен жауапты мекеменің бас маманы Айжан Тұрсанова бөлісті.

АЙЖАН ТҰРСАНОВА, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
– Өзен мен көлден алынған сынамалар бойынша санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізілді. Бүгінде нәтижесі қолымызда. Бірде-бір сынамадан талапқа сай келмеу жайты тіркелмеді. Бұл қос су айдынында шомылуға болады дегенді білдіреді.

Байболат Култанов