МТРА жаңалықтары

Архившілерге арналған семинар

“Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмесін беру және мемлекеттік қызмет көрсету”. Осындай атаумен облыстық архивте семинар өтіп жатыр.

Шараны Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің мамандары “Архив 2025” жобасы аясында ұйымдастырып отыр. Мақсат – мамандардың біліктілігін арттыру.

 Гаухар Хайрулина, Қазақстанда мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының өкілі
– Арив саласының ең негізгі тақырыптары қарастырылады. Бұл -құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалану секілді кең көлемде талқыланатын тақырыптар. Семинарды өткізетін лекторлардың барлығы – білікті мамандар. Осы семинарға қатысушылар қажетті, пайдалы және жұмыста әрі қарай қажет болатын тың тақырыптар бойынша біліктіліктерін арттырады.

Біліктілікті арттыру семинарына Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкерлерінен бөлек, аудандық филиалдарының директорлары мен архившілері қатысып жатыр. Араларында Ғ.Мүсірепов ауданы архивінің директоры Марат Әшетов те бар. Маман 300 шақырым жолды артқа тастап, өңірде алғаш рет өтіп жатқан мұндай семинарға қатысуға ниет танытқан.

Марат Әшетов, Ғ.Мүсірепов ауданы архивінің директоры:
– Жалпы, осындай семинарлар жиі өткізіліп тұрса деймін. 01:45 Өзімнің ауданым жайлы айтатын болсам, бізде 5 архивші жұмыс істейді. Бізде ертеден сақталып келе жатқан құжаттар бар.  Мысалы, 30-шы жылдары репрессияға ұшыраған 270 адамның құжаттары сақталған. 

Жалпы, облыстық архивте бүгінде 1,5 млн-нан астам құнды құжат сақтаулы тұр. Мекемеге күн сайын 30-ға жуық сұраным келіп түседі екен. Жүз мыңдаған құжатты парақтап, құпия сырды ашып, сұранымға жылдам әрі нақты жауап беру – архившілердің басты міндеті.

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:
– Күніне 20-30 сұраным келіп түседі. Көбіне еңбек өтіліне қатысты, әкімшілік органдардың шешімі бойынша құжаттар сұратылады. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргінге байланысты ақтау жұмыстарына қатысты көптеген сұранымдар келіп түседі.

Семинар 2 күнге жалғасады. Соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Дана Ешкенова