Білім

Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті

Әділдік, сабақтастық және прогресс. “Жаңа Қазақстан осы қағидаттар негізінде құрылуы қажет”,- дейді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері. Бүгін олар “Өрлеу” ұлттық орталығында кеңейтілген отырыс өткізді. Жиында конфессияаралық және этносаралық қақтығыстарды болдырмау әдістері туралы айтылды.

БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «Коғамдык келісім» КММ бөлім басшысы:
– Конфессияаралық және этносаралық қақтығыстарды болдырмау – ғылыми-сараптамалық топ өкілдері жұмысының бір бағыты. Бұл бағытта біз түрлі шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Былтыр Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кітап шығарылды. Сонымен қатар, өткен жылы жас ғалымдардың жобалар байқауы өтті.

Бүгінде көпшілікке “Философиялық-мәдени контекстегі қазақтардың діни синкретизмі” монографиясы таныстырылуда. Бұл еңбек 10 жылдың көлемінде жазылыпты. Оның авторы – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары Сәуле Сүлейменова. 2020-да жарық көрген аса пайдалы туындыда дін саласы кеңінен қамтылған.

САУЛЕ СУЛЕЙМЕНОВА, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары:
– Монографияда 4 негізгі мәзхаб туралы мәлімет бар. Монографияны парақтап, Қазақстанда ислам қашан және қалай таралғандығы туралы ақпаратпен танысуға болады.

Жиынға 200-ден астам адам қатысты. Аудандардағы оқу орындары мен аналар кеңесінің өкілдері, медиаторлар мен белсенділер іс-шараны онлай режимде тамашалады.

Байболат Култанов