МТРА жаңалықтары

Полиция қызметкерлері мотоклуб мүшелерімен кездесті

Облыс орталығында “102” арнасына көктемнен бері жол-көлік оқиғаларына қатысты 292 хабарлама келіп түскен. Оның алтауы мотокөліктердің қатысуымен болған.
6 жағдайда велосипедшіні соққан. 8 оқиға жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Қазір Петропавл көшелерінде автомобильдермен бірге түрлі қос дөңгелекті көліктер де қабаттаса жүреді. Жолдағы көлік ағыны қатты. Яғни, қазіргі уақытта жол апатының болу қаупі артып отыр дейді тәртіп сақшылары. Осы орайда мамандар мотоклуб өкілдерімен жүздесті. Шара “Стоп ДТП!” акциясы аясында ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері мотоклуб мүшелері жолда жүру ережелерін сақтау арқылы өзге қос дөңгелектілерге көлік жүргізу мәдениетін көрсетсе дейді. Бұл жол-көлік оқиғаларының азаюына септесуі мүмкін.

Данаш Хамзина