МТРА жаңалықтары

“Стоп ДТП” шарасы

Стоп ДТП. Облыста осындай атаумен жедел-профилактикалық шара бастау алды. Оның аясында Аққайың ауданында мотоциклді мас күйде басқарған ер адам ұсталды. Әрі оның жүргізуші куәлігі болмай шықты.

ЛЮФТ: (Это статья 608 часть 6 Административного кодекса РК. Знаете за это что будет? Административный арест на 15 суток) Задержан пьяный водитель на мотоцикле а Аккайынском районе.

46 жастағы ер адам – Ивановка ауылының тұрғыны. Оны учаскелік инспектор тоқтатқан кезде ол мас болған. Бұл күйі медициналық тексеріс барысында расталды. Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 608-ші бабының 6-шы бөлігі бойынша материал жиналып, сотқа жолданды. Ер адам әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай Петропавлда да тіркелді. Бірақ, бұл жолы жүргізуші сау болғанымен жүргізуші куәлігінен айырылған.

ЛЮФТ: (А почему я лишен, не имею… – Вы же водительских лишены? То есть, если водительских лишаются, значит автоматически лишаются правом управления мотоциклами, легковыми, грузовыми, тракторами, сельскохозяйственными транспортными средствами) Задержан лишенник на скутере.mp4 1.33-1.50

Алмас Еркешов – қалалық ПБ ППБ инспекторы

– “Жүргізуші куәліктерінің санаттары келесі санаттарға бөлінеді: А1 санаты 16 жасқа толған қазақстандықтар үшін қозғалтқыштың көлемі 125 текше сантиметрге дейінгі мотоциклдерді басқаруға мүмкіндік береді. А санаты үлкен кубтық мотоциклдерді басқару үшін, яғни 18 жастан бастап шығарылады. Б1 санаты трициклдер мен квадроциклдерге 18 жастан бастап шығарылады”.

2 күнде облыста жолда жүру ережелерін бұзуға қатысты 700-ден астам жайт тіркелді. Оның жүзден астамында жылдамдық асырылған, 70-тен астамында қауіпсіздік белгісі тағылмаған, 12 жағдайда жүргізуші апат тудыра жаздаған. Ал жаяу жүргіншілер тарапынан ережені бұзудың 174 фактісі тіркелді. Көлікті мас күйде басқарған 9 адам ұсталды.

Данаш Хамзина