МТРА жаңалықтары

СҚО-да сотталғандарға ұялы телефон таратпақ болған ер адам ұсталды

СҚО-да сотталғандарға ұялы телефон таратпақ болған ер адам ұсталды.

Оқиға ЕС-164/8 мекемесінде тіркелді. Ер адам SIM карталары салынған бірнеше ұялы телефонды жазасын өтеп жатқандарға қоршаудан асыра лақтырмақ болған. Мекеме аумағында орналасқан бейнекамералардың көмегімен мамандар заңбұзушының әрекетіне жол бермеген. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жалпы, бұл – жыл басынан бері өңірдегі түрме аумағына заңсыз дүниелер кіргізуге әрекет етуге қатысты 2-ші факті. Айта кетейік, осындай қитұрқы әрекетке барған жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, заңбұзушыларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Дана Ешкенова