МТРА жаңалықтары

Телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Маусымның 13-інен бастап Петропавл телемұнарасында жөндеу жұмыстары бастау алады. Соған байланысты таңертеңгі сағат 9-дан 17.00.-ге дейін телерадио хабарларын тарату тоқтатылады.
Сонымен қатар, Рузаевка және Ұзынкөл радиотелестанцияларында да демонтаждау жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды шаруа бірнеше кезең бойынша іске асырылады. Осы орайда сала мамандары тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларын сұрайды.

ДУЛАТ МҰСАФИРОВ, облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының бас инженері:

– Облыстық радиотелехабар тарату дирекциясында демонтаждау жұмыстары үш кезең бойынша іске асырылады. Алғашқысы маусымның 13-і мен 17-і аралығында жүргізіледі. Екінші кезең шілденің 11-і мен 15-і аралығында өтсе, соңғысы тамыздың 8-і басталып, төрт күннен кейін, яғни 12-сі күні аяқталады. Осыған ұқсас жұмыстар аудандар да атқарылады.

Данаш Хамзина