МТРА жаңалықтары

Алкогольдік өнімді заңсыз саудалаған аудан тұрғыны ұсталды

Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны алкогольдік өнімді заңсыз саудалап келген. 64 жастағы әйел адамның үйінен 90 литрге жуық спирт тәркіленіп алынды.
Полиция қызметкерлері аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жинақтады. Алынған тауар сараптамаға жіберіледі, содан кейін материал сотқа жолданады. Жалпы, жыл басынан бері облыста алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 74 адам жауапкершілікке тартылып, 1500 литрге жуық ащы су тәркіленді.

Дана Ешкенова