МТРА жаңалықтары

Қалалық №592 сайлау учаскесіне 2 мыңнан астам адам тіркелген


САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
–  Қазір біз К.Сафин атындағы облыстық бокс мектебіндеміз. Мұнда №592 сайлау учаскесі орналасқан. Учаскеде жалпы 2042 адам дауыс беруі тиіс. Сағат 12-ге дейін 400-гу жуығы өз таңдауын жасапты.

592-ші сайлау учаскесіне петропавлдықтар таңғы 7-ден келіп жатыр. Барлығының мақсаты бір – жаңа Қазақстан құруға бір адамдай ат салысу. Тарихи маңызды оқиғаға қатысушылардың бірі – Павел Афанасьев. Белгілі зангердің айтуынша, жаңарған Конституция – кемел келешектің бастауы.

ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, – облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:
– Конституцияның өзгеруі реформаның алғашқы қадамы деп ойлаймын. Заңдар жетілдіріліп, халық игілігі үшін жұмыс істейді деген сенімдемін.

Учаске өкілдерінің айтуынша, науқан ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл жерде дауыс беретіндердің дені қарт адамдар екен. Алайда, жастар да қызу ат салысып жатыр дейді комиссия төрағасы Бакетжан Теміров.

БАКЕТЖАН ТЕМІРОВ, №592 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:
–  Қарт адамдар көп келеді және де жастар да келіп жатқан жағдай бар. 01:54 №592 референдум учаскесінде 18-ге толған 41 жас бар бар. 5-6-уы келіп дауыс берді. Қазір енді қалғандары да келе бастайды.

Айта кету қажет, дауыс берушілердің арасында денсаулығына байланысты келе алмайтын жандар да бар. Олар үшін арнайы жылжымалы урналар қарастырылған.


Самал Жунусова