МТРА жаңалықтары

Қаладағы №588 сайлау учаскесіне 2 жарым мың тұрғын тіркелген

Дана Сәлімқызы
– Дәл қазір біз шаһардағы №588 сайлау учаскесінде тұрмыз. Сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша дәл осы жерде бүгін 2574 қала тұрғыны өз таңдауын жасай алады.

Сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-де бастады. Күннің бірінші жартысында мұнда, әсіресе, аға буын өкілдері көп болды. Тұрғылықты мекенжайы бойынша бекітілген сайлау қосынына ерте келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Сәтжан Дайыров зайыбымен бірге келген. Ерлі-зайыпты немересін де ерте келіпті.

Сәтжан Дайыров, қала тұрғыны:
– Сайлау болған кезде бірінші жүгіреміз. Бұның барлығы Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатыр. Өз басым еліміздің болашағы жарқын екеніне сенемін.

Динара Ауғанбаева – 3 баланың анасы. Елімізде жоспарланған ауқымды өзгерістер тікелей балаларымның болашағына қатысты болғандықтан өз таңдауымды жасауға келдім дейді.

Динара Ауғанбаева, қала тұрғыны
– Бүгін Қазақстан үшін тарихи күн. Осы ерекше күн балаларымның есінде сақталсын деген ниетпен ертіп әкелдім. 2 ұлым оқушы болса да Ата заңымыз туралы көп дүние біледі. Орын алғалы жатқан өзгерістер жайлы да оларға айтып отырамыз. Жарқын болашағымыз – осы жастардың қолында.

Жалпы, 588-ші учаскеде 8 референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Сағат 13:00-дегі ақпаратқа сүйенсек, дауыс берушілердің 20 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерген. Араларындағы біреуі саяси науқанға алғаш рет қатысыпты. Оған естелік сыйлық табысталды.


Дана Ешкенова