МТРА жаңалықтары

Референдум – елдегі саяси мәдениеттің дамуының белгісі

Референдум – елдегі саяси мәдениеттің дамуының белгісі! Бірақ, ол кәдімгі сайлаудан өзгеше. Мұнда азаматтар белгілі бір партияға немесе үміткерге емес, Ата заңға енгізілетін өзгеріске дауыс береді.

Ел тарихындағы екінші бүкілхалықтық дауысқа салуға саусақпен санарлық күн қалды. Қолда бар дерекке сүйенсек, ағымдағы жылдың басты шарасына 12 млн-ға тарта отандасымыз қатыса алады. Қолданыстағы заң бойынша оның жартысынан астамы жексенбіде міндетті түрде өздері тіркелген жерге барып, жаңашылдыққа қарсы немесе қарсы еместіктерін көрсетулері тиіс. Сонда ғана референдумның өткендігі тіркелмек. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров тұрғындарды жұдырықша жұмылуға шақырады.

Ермек Тоқтаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім меңгерушісі:
– Швейцария – әлемдегі ең жиі референдум өткізетін ел. Бұл елде референдумның 2 түрі бар. Біріншісі – міндетті, екіншісі – еркін. Ал бізде тек еркін түрде қатысуға болады. Сондықтан, 18 жасқа толған адамдарды қатысуға шақыру өте маңызды. Бізде 18 жасқа толғандар сайлаушылар болып есептеледі.

БЛИЦ
–  Біз барамыз. Өзгеріс керек. 18 жастан асқандардың барлығы қатысуы қажет.
– Референдумға шақырту алдым. Міндетті түрде қатысамын. Бізге жаңашылдық қажет. Сол жаңашылдықты өмірге әкелуге ат салысу өзімнің міндетім деп санаймын.

Байболат Култанов