МТРА жаңалықтары

Оқушылар сарайында балаларға арналып экскурсия өтті

Көрмелер, интерактивті тақталар, шеберлік сыныптары мен ойындар. Бүгін Оқушылар сарайында ұл-қыздарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Балаларды қорғау күніне орай өткізілген жиынға оқу жылын үздік тәмамдаған оқушылар қатысты. Мұнда олар робототехника, гидропоника, IT секілді үйірмелермен танысты. Мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, зертханалық жұмыстарды іс жүзінде көрсетіп берді.

БЛИЦ:

– Робототехника мен дрон жасау кабинетіне бардым. Информатика пәнін сүйіп оқығандықтан бұл үйірмелермен танысу барысы мен үшін өте қызықты өтті.

Бердимурат Баймухан