МТРА жаңалықтары

Бескөлде ат клубы ашылды

Бескөлде ат клубы ашылды. Мұнда ақылы негізде тұлпар тізгіндеуге және кәсіби мамандардың ақыл-кеңесі бойынша жылқыда отыруға
үйренуге болады.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ашылған клубқа бүгін ұл-қыздар көп жиналды. Олар біраздан соң ортаға шығатын тұлпарларды асыға күтіп тұр. Қамбар ата төлдерін тізгіндеген шабандоздар көп күттірмеді. Құйрық-жалы таралған сәйгүліктерді мініп, көпшілік алдына шықты.

Мұндайды балалар күнде көре бермейді. Жеткіншектер ерекше сәтті кірпік қақпай тамашалауда. Ұл-қыздар алдына жуас жануарлар да шықты. Оларға мініп, кез келген адам атта отыруды үйрене алады. Қазіргі таңда су жаңа клубта 4 жануар бар. Төрт аяқтылардың барлығы үйретіліпті.

ҒАЛИЯ ЫБЫРАЕВА, ат клубы директорының көмекшісі
–  Ат спорты өсіп келе жатқан балаларға өте пайдалы. Қазір балалар телефонда көп отырады. Ат біздің энергетикамызды сезінеді. Адам атқа мінсе, өзін жақсы сезінеді.

Аттар балалардың да, үлкендердің де көңілінен шықты. Олардың кейбірі қоршауға жақындап, тұлпарларды ұстап көрді, суретке түсті. Мұндай сәт балғындардың есінде ұзақ сақталары айдан анық.

БЛИЦ:
– Мен аттарды көру үшін арнайы келдім. Атқа мінгім келіп тұр.
– Мне понравились лошади. Они были красивыми.
– Балаларды атқа үйрету керек. Міну керек. Денсаулықтары жақсы болады.

Клуб басшылығы алдағы уақытта науқас балаларға қызмет көрсетуді және жылқы санын арттыруды жоспарлап отыр.

Байболат Култанов