МТРА жаңалықтары

“Арман” орталығының ұл-қыздары Балаларды қорғау күнін атап өтті

“Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұл-қыздары Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті.

Жеткіншеткер бүгін мәз-мейрам. Балалар тамаша табиғат аясында би билеп, түрлі ойындар ойнап, арқа-жарқа болып жатыр. Олар үшін бүгін ұйымдастырушылар 3-4 сағатқа жететін мерекелік бағдарлама әзірлеп әкелген.

Бір-бірімен жарысып, түрлі тапсырмаларды орындап жүрген балалар осы мерекені өткізіп жатқан жандарға өз алғыстарын білдіруді де ұмытпады.

БЛИЦ:
–  Мұндай іс-шаралар маған қатты ұнайды. Достарымызбен жақсы демалып жатырмыз. Ұйымдастырушыларға көп рахмет.
– Бәрі тамаша. Түрлі ойындар, ырғақты ән – бәрі де ұнап жатыр. Уақытты керемет өткізудеміз.

Айта кетейік, жастар үшін мұндай игі іс-шараны тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп өткізіп жатыр.

СӘБИНА ӘМІРОВА: тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім басшысы
– Біз “Арман” орталығымен бірге тығыз жұмыс істейміз. Бұл жердегі балалар бізге, ал біз оларға бауыр басып қалдық. Жеткіншектерге арнап әр түрлі экскурсия ұйымдастырамыз. Олардың тарихты тануға деген қызығушылықтары мол, өздері сондай белсенді. Біздің мақсатымыз – осы ерекше ұл-қыздарды өз қатарластарынан кем қалдырмау.

Мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады. Жаз айларында ұйымдастырушылар балаларды Айыртау ауданына апарып, көне, көрікті жерлерді көрсетуді жоспарлап отыр.

Алдияр Айтпаев