МТРА жаңалықтары

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі

Сапалы әрі ыңғайлы. Ең бастысы, бағасы қымбат емес. Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасып жатыр.
Сөрелерге қойылған өнім саны 800 жұптан асады. Жуырда бұдан да көп болған. 400-ге жуық жазғы аяқ киім жеткізілісімен таусылған. Өйткені, ыңғайлы бәтеңке іздестірген тұрғындар бұл тауар түрінен қос-қостап сатып алыпты. Сөреде қалғаны – күзгісі. Жазғыларының қашан толығатыны, әзірге, белгісіз.

ЕЛИЗАВЕТА КЛИМОВА , сату жөніндегі менеджер, БР:
–  Тауардың сапасына қатысты күмән жоқ. Өйткені, келіп түсісімен бірден сатылып кетіп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Бұл Беларусь аяқ киімдерінің аса сұраныста екенін білдіреді. Таза былғарыдан тігілген, майыспайды, жарылып кетпейді.

Облыс орталығына ат басын бұрар алдында шетелдік мамандар Шымкент пен Қостанай қалаларында болған екен. Петропавл – аялдап отырған үшінші қала.

ИВАН КОВАЛЕНКО, менеджер, БР:
– Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Әйелдерге арналған арналған аяқ киімнің өлшемі 34-тен 42-ге дейін, ал ерлер үшін 40-тан 50-ге дейін бар. Біз таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін демалыссыз жұмыс істейміз.

Тұрғындар қажетті тауарды Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жаңа топтамамен инстаграм арқылы да танысуға болады. Парақшаның атауы экранда көрсетілген.

Гүлден Симбаева