МТРА жаңалықтары

Жарылғыш зат туралы жалған айтқан ер адам жазаға тартылды

Ойнаймын деп тағы да от басты. 58 жастағы облыс тұрғыны 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам өткен жылдың соңында мас күйде ТЖД-іне хабарласып Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне бомба қойылды деп айтқан.
Бұл хабарлама жалған болып шықты. Еріккен ісімен бүкіл елді дүрліктірген ер адам Аққайың ауданындағы Қиялы ауылында ұсталды. Бұрын да осындай әрекеті үшін басы істі болған. Еске сала кетейік, жалпы терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамға ҚР ҚК 273-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Самал Жунусова