Денсаулық сақтау

Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы 500 мың теңгеден аспақ

Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы 500 мың теңгеден аспақ. Бұл жайлы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.

Ералы Лұқпанұлының айтуынша, білікті мамандардың еңбекақысы 320 мыңнан 530 мыңға дейін жетпек. Ал медбикелерге 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін төленеді. Бұл өзгеріс 2025 жылға дейін орын алады. Премьер-министрдің орынбасары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап “Самұрық-Қазына” қоры компаниялар тобының өндірістік персоналындағы 258 мың жұмысшысының жалақысы 5-тен 48% дейін ұлғайғанын мәлімдеді. Басымдық қызмет көрсету саласындағы мамандарға беріліпті.

Алдияр Айтпаев