МТРА жаңалықтары

Петропавлда 19 жастағы жігітті КАМАЗ қағып кетті

Шаһардың қақ ортасында 19 жастағы жігітті КАМАЗ көлігі қағып кетті.

Оқиға Астана мен Интернационал көшелерінің қилысында болды. Түрлі дене жарақатын алған петропавлдық жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жалпы, жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 24 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, 4 адам ажал құшты. 6 жол апаты жаяу жүргіншілердің ереже бұзуынан болған. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, жыл басынан бері облыста тиісті ережені елемеген 2 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды.

Дана Ешкенова