Білім

Назарбаев Зияткерлік мектебін 120 оқушы тәмамдады

Бүгін химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да білім ұясымен қоштасты. Тарыдай болып кіріп, таудай болып мектеп қабырғасынан ұшқан 120 бозбала мен бойжеткен үшін бүгінгі күн мәңгі есте қалары сөзсіз. Мектеп бітірушілерді соңғы қоңыраумен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады.

Білім ордасымен қош айтысқан 120 түлектің 18-і қызыл аттестатқа үміткер. Тағы 10 шақтысы биыл Корея, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропа елдеріне оқуға түскен.

Ыстық ұямен қоштасқан Темірлан Мейрам жақын арада Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласына оқуға аттанбақ. Ол болашағын психология саласымен байланыстырмақшы.

Жалпы, биыл облыс бойынша 3 мыңнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді жас түлектерді алда маңызды емтихан – ҰБТ күтіп тұр.

Бердимурат Баймухан