МТРА жаңалықтары

Көктемгі егіс жұмыстарының барысы

Орталық коммуникациялар қызметінде көктемгі егіс жұмыстарының барысы баяндалды.

Биыл ел бойынша 23,1 млн гектар жеріне дән сіңірілмек. Басымдық жем-шөп пен әлеуметтік дақылдарға беріліп отыр. Аграрийлерге мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді. Оны брифинг барысында ауыл шаруашылығының вице-министрі Әбілхайыр Тамабек тілге тиек етті.

ӘБІЛХАЙЫР ТАМАБЕК, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Ағымдағы жылы егін егу жұмыстарын жүргізуге 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 20 мың тоннаға көп. Жеткізу, сақтау және сату бойынша шығындарды ескере отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін литрі 200 теңгені құрады. Ол нарықтағы бағдан 15 пайызға арзан. Қазіргі таңда кестеге сәйкес аграрийлерге отын жеткізілуде.

Биыл солтүстік көршімізден тұқым алу бойынша мәселелер туындады. Себеп – ресейлік тараптың дақылдарды экспортқа шығаруға тыйым салуы. Алайда, 2 елдің Премьер-министрлерінің орынбасарлары келіссөз жүргізу арқылы бұл санкция Қазақстан үшін алынып тасталды. Нәтижесінде қосымша 14 мың тоннадан астам дән жеткізуге мүмкіндік туды. Жалпы, биыл жылы тұқым шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттерден 11,8 млрд теңге бөлу көзделген.

ӘБІЛХАЙЫР ТАМАБЕК, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Облыс әкімдерінің деректері бойынша ағымдағы жылы 670 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Бүгінгі таңда тыңайтқыштарды жеткізу бойынша 408 мың тонна көлемінде келісім шарт жасалды. Іс жүзінде барлық өңірлерге минералдық тыңайтқыштарды жөнелту басталып кетті. Аграрийлерге шамамен 308 мың тонна тыңайтқыш жеткізілді.
5-16 Сатып алынған тыңайтқыштардың 50%-ын мемлекет өтейді.

Айта кету қажет, биыл аграрийлерді көктемгі егіске және кейін өнімді жинау мақсатында несиелендіруге 70 млрд теңге бюджеттік кредит бөлінді. 2 жарым мыңнан астам өтінімнің 2 мыңнан астамы мақұлданды. Бүгінге дейін 23 млн гектар жердің жартысына жуығына дән сіңірілді.

Алдияр Айтпаев