МТРА жаңалықтары

ҚР әскери академигі, профессор Жанбатыр Сартаевтың жаңа кітабы жарық көрді

Ұлттық ұланның әскери академиясының профессоры Жанбатыр Сартаевтың жаңа кітабы жарық көрді. Еңбек Мықтыбай батырға арналған. 100 данамен басылып шыққан туындыда аты аңызға айналған батырдың өмірі мен ерлік істері баяндалады.
Тау тұлға 18-ші ғасырда өмір сүрген. Жамбыл ауданындағы Баян ауылының тумасы. Қазақ жерін жаудан қорғауда көзсіз ерлік көрсеткен. Кітап авторы Жанбатыр Нұртайұлының айтуынша осындай елін сүйген, ұлтын сүйген тарихи тұлғалардың өмірбаяны жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде зор рөл атқарады.

ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, ҚР әскери академигі, профессор:

– Бұл кісі 14-15 жасынан Абылай ханның көзіне түсіп, батырлық жолымен кеткен. Бар өмірі соғыста өткен. Патриотизм жолында бұл кітап бізге өте қажет. Әскери академияда адамдардың рухын көтеру үшін, сабақ кезінде жастар осындай батырларды білуі қажет.

Самал Жунусова