МТРА жаңалықтары

“Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында соңғы қоңырау соғылды

“Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында соңғы қоңырау соғылды. Биыл бұл мекемеден 1 түлек түлеп ұшты.

Сол түлек – Рината Рамазанова. Ол кешке ерекше дайындалыпты. Әдемі көйлегін киген. Әзірлеп әкелген әнін де шырқады. Кейін Ринатаның құрбылары сахналық қойылым қойды.

Кеш көңілді өтіп жатқанымен Ринатаның бойынан қимастық сезім байқалады. Себебі, ол осы орталықта 7 жасынан тәрбиеленді. Жазуды да, оқуды да, ән салуды да осы орталықтан үйренді дейді анасы Вера Биба.

ВЕРА БИБА, Ринатаның анасы

 – Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Ринатаның болашаққа деген жоспары ауқымды. “Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандарына айтар алғысым көп. Менің қызым осында 10 жыл бойы тәрбие алды. Орталықта мамандар тірек-қимыл аппараты бұзылған ұл-қыздарға білім беріп қана қоймай, медициналық көмек көрсету арқылы балалардың дамуына септеседі.

“Арман” Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығында барлығы – 12 бала бар.

 ТАТЬЯНА ЛУЗАКОВА, “Арман” Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының

 – Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған ұл-қыздардың жан-жақты болып өсуіне жағдай жасалған. Мұнда балалар шығармашылықпен айналысады. Бірі ән айтса, енді бірі би билейді, сурет салады. Спортты да ұмытпаймыз. Өзіміздің чемпиондарымыз да бар. Бұдан бөлек, ерекше балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Массаж, бассейн қарастырылғын. Әр апта сайын ұл-қыздар ипподромда ат спортымен айналысады.

“Арман” әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы 99-шы жылы ашылған. 23 жылдың ішінде мекемеде тірек-қимыл аппараты бұзылған 80-нен астам бала білім алған екен.

Дана Ешкенова