МТРА жаңалықтары

Теміржол саласының ардагерлері Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады

Теміржол саласының ардагерлері де Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылап жатыр. Бүгін аға буын өкілдері бір үстелдің басында отырып, реформа жайлы әңгімелесті. Жиынға қатысушыларға жаңашылдықтарды қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев түсіндірді.

Иманғали Татваев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Конституцияға енгізілетін түзетулерде жер және оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі делінген. Бұл – ел азаматтарының әл-ауқатын көтеру үшін жасалып жатқан маңызды қадам.

Алда – референдум. Елдің болашағы үшін дұрыс таңдау жасау қажет. Жиынға қатысушылар саяси науқанға біркісідей ат салысып, өз таңдауын жасайтындықтарын айтты.

Татьяна Жарких, зейнеткер:

– Өз басым түзетулерді қолдаймын. Барлығы көңілімнен шықты. Әріптестерім де барып, дауыс беруге бел буып отыр. Ұрпағымыздың болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз қажет.

Еске сала кетейік, жалпыхалықтық дауысқа салу маусымның 5-сі күні өтеді.

Бердимурат Баймухан