МТРА жаңалықтары

Тайынша ауданында балалар слеті өтті

Тайынша ауданындағы Ясная Поляна ауылында балалардың слёті өтті. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысқан жиын Балалар жылы аясында ұйымдастырылды.
Тәуелсіз елдің болашағы – жастарға аманат. Түр-тұлғасы бөлек, парасат-пайымы ерек жүзден жүйріктер. Абайша айтсақ, нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүректі жас буын. Аталған қасиеттердің барлығы шарада бас қосқан мына ұл-қыздардың бойында бары анық.

Бүгінде Тайынша ауданында 52 мектеп бар. Онда 6 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Басым бөлігі түрлі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өтіп жүрген мәдени және спорттық сайыстарда биік шыңдардан көрініп жүр.

ГҮЛНӘР ІГІБАЕВА, Тайынша ауданы білім бөлімінің басшысы:

– Слеттің тақырыбы «Жаңа Қазақстан құру жолындағы жастардың рөлі» деп аталады. Осы орайда шарада мектепішілік парламент өкілдері бас қосты. Олар білім беру мекемесінде қандай жұмыс атқарғандықтарын айтып, өздеріне берілген тақырыпты дебат түрінде қорғап шығулары тиіс.

Жастар Отан, бірлік, татулық, экология және өзге де тақырыптарда өз ойларын ортаға салды. Теңдік орта мектебінің «Әділет» дебат командасы мұндай шараларға жиі қатысады. Тәжірибесі мол құрама пікірталастың арқасында жастар өздерінің ойымен еркін бөлісуге және жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады дейді.

ЖАНСАЯ РАХАТ, слетке қатысушы, Тайынша ауданы:

– Біз бүгін дебат қозғалысы жайында ақпарат алып келдік. Яғни дебат ойынының адам өміріне пайдасы және дебат ойыны арқылы біз қандай жетістіктерге жете аламыз – сол жайында көрермендерге түсіндірдік.

Ал Тайынша қаласындағы 5-ші орта мектебінің «Шабыт» командасы«Ел болашағы» тақырыбында ой бөлісті. Ұл-қыздардың сөзінше болашақ жастарға тікелей байланысты, сол себепті бүгінгі күннің балалары оқу-білімге, өнерге құштар болуы тиіс.

ӘСЕЛ ТАШМАҚАНОВА, слетке қатысушы, Тайынша ауданы:

– Қазіргі кезде елімізде балалар мен жасөспірімдерге, жастардың дамуына көп күш жұмсалып жатыр және де бұл балаларға берілетін өте керемет мүмкіндік деп ойлаймын.

Шара соңында аудан әкімі Руслан Аңбаев ұл-қыздарды Балалар жылымен құттықтап, слетке белсенді қатысқан командаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Самал Жунусова