МТРА жаңалықтары

Мәдениет саласы ардагерлерінің рухына тағзым етілді

Елімізде мамырдың 21-і күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Осыған орай өңір жұртшылығы Қазақстанның мәдениет қайраткері Қуандық Қасымовтың рухына тағзым етті. Жерлесіміз өңірдің өнер саласының дамуына зор үлес қосты. Өмірінің соңғы жылдары С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына жетекшілік етті. Шара барысында бар өмірі мен өнерін мәдениет пен театрға арнаған Қуандық Ишанғалиұлының жетістіктері жайлы айтылып, есімі жазылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.

СПАРТАК РАМАЗАНОВ, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

– Мен 5 жасымнан сахнада ол кісіні көрдім. Ол менің өнердегі әкем десем де болады. Әрдайым намысымызды оятып, өнерге жақын бол, бірақ та төл өнеріңді қадірле.03:33 Ол кісі Соколов ауданы, Бескөл ауданы, Қызылжар ауданы болды – сол аудандарда басқарған. Жамбыл ауданында талай жыл қызмет атқарған. Сергеевка ауданында атақты «Ақбидай» ансамблінің жетекшісі болған. Тәуелсіздік алғаннан кейін облыстық филармония ұжымын басқарған.

Ал Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қабырғасында КСРО-ның мәдениет үздігі Петр Уақпаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылған. Бұл жерде де гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Петр Наянович жастарды өнерге баулып, Петропавлда көркемсурет шеберханасы, кітапханалар мен көрме залдарын ашуға септескен.

БОТАГӨЗ АҚМАҒАМБЕТОВА, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның директоры:

– Петр Наянұлы кезінде мәдениет басқармасының бастығы болған. Біз мәдениет саласының дамуына зор үлес қосқан ардагерлерімізді ұмытпай, есте сақтауымыз қажет.

Петр Уақпаев кезінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майданда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден және медальдармен марапатталған.

Самал Жунусова