“Қарымды қаламгер, ғибратты ғалым”. Бүгін осындай атаумен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада профессор Зарқын Тайшыбайдың 80 жасқа толуына арналған іс-шара өтті.
Бүгінгі бас қосуға академиктің қаламы қарымды журналист шәкірттері мен әріптестері арнайы келіпті. Алдыменен сол құрметті қонақтарға сөз берілді. Көпшілік алдында Ақмарал Ыбыраева Зарқын Тайшыбайдың 80 жасқа дейін бағындырған белестері мен атқарған бірталай еңбегіне тоқталып өтті.
АҚМАРАЛ ЫБЫРАЕВА, Қозыбаев университетінің профессоры
Залда қарымды қаламгер мен ғибратты ғалымның жас, яғни журналистикаға енді бет бұрған ізбасарлары да отыр. Қазіргі таңда профессордан дәріс тыңдап жүргендердің бірі – Айнұр Досан.
АЙНҰР ДОСАН, Қозыбаев университетінің студенті
Зарқын Тайшыбай сексеннің сеңгірінен астым деп тоқтап қалмақ емес. Академик зерттеу жүргізіп, тың жаңалық ашуды жалғастыра бермек.
Алдияр Айтпаев