МТРА жаңалықтары

«Радуга» серіктестігінде референдум жайлы айтылды

Референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшелері «Радуга» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.

Маусымның 5-і күні өтетін жалпыхалықтық референдумда Ата заңдағы 98 баптың 33-і не өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жұмысшы қауым алдында штаб мүшесі Күлімкөз Смайылова конституциялық реформаның тиімділігіне тоқталды.

КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшесі:

 

– Әрбір өзгеріс тұтастай бір жүйені реттейді және бір жүйені халыққа қаратады. Халықтың мұң-мұқтажын, сұранысына жауап беретіндей өзгерістер. Солардың ішінде менің көлімнен шыққаны: Палата бұрын тура Президентке бағынышты болса, қазіргі таңда бұл жоғары аудиторлық палата болады да оның құрамында кәсіби экономистер мен аналитиктер болады. Ол тура халыққа және Парламентке бағынышты болады. Оны мен жемқорлықты болдырмаудың маңызды құралы ретінде қарастырамын.

Конституциялық өзгерістерді халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру үшін штаб өкілдері жер-жерді аралап жүр. Мамандар күн сайын 20 шақты кездесу ұйымдастырады. Ең бастысы, жиынға қатысушылардың белсенділігі жоғары, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, сұрақ қойып, ұсыныстарын айтып жатыр. Жиі қозғалатын мәселе зейнет жасына қатысты дейді, Күлімкөз Смайылова.

КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшесі:

 

– Мен де әйел азаматтарының 58 жаста зейнетке шыққанын қалаймын. Ол – менің түсінігімде экономикалық тұрғыда да өте тиімді шешім. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін де шешер еді. 58 жасқа толған нәзікжанды өзі ғана шешуі тиіс: еңбек демалысына шыға ма әлде жұмысын жалғастыра ма деген сияқты.

Тағы жиын барысында жер мәселесі жайында да сөз етілді. Енгізілетін өзгерістерге сәйкес енді жер толығымен халық меншігіне өтеді. Азаматтар тарапынан “Бұл механизм қалай жүзеге асады?” деген сұрақ жиі түседі екен.

КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшесі:

 

– Біздің жауабымыз Ата заңымыз өзгергеннен кейін көптеген заңдар өзгеріске ұшырап, жаңа заңдар пайда болады. Сол заңдар осы іске асырудың жолын реттейді деп жауап берміз. Кей адамдар өлім жазасына тыйым салуға қарсылық білдіріп жатыр.

Сөз соңында айта кетейк, Конституциялық референдумның өтуіне бар-жоғы 2 апта уақыт қалды. Сондықтан, белсенді жандар солтүстікқазақстандықтарды саяси шараға жұдырықтай жұмылып ат салуға шақырып отыр.

Дана Ешкенова