МТРА жаңалықтары

Мал шаруашылығын дамыту

Бүгін елордада Үкімет отырысы өтті. Алқалы жиында мал шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды.

Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың сөзінше, салада бірқатар өзекті проблема бар. Соның бірі тиісті жем-шөп базасының әзірленбеуі. Ұсынылған дерекке сүйенсек, жыл сайын елімізде мал азығы қажетті зоотехникалық нормадан 2 есе аз дайындалады. Осының әсерінен оның бағасы да қымбаттай береді. Түйткілді біржақты ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктеріне жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын көбейтіп, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғырту тапсырылды. Бұл жұмыстарды қаржыландыруға басымдық беру керек. Сонымен қатар, Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар өндірістік қуаттарын толық пайдаланып отырған жоқ. Осыған орай өнім дайындаушы ұйымдар желісін құру қажет. Аталған бастама ұсақ өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды біріктірмек.

Байболат Култанов