МТРА жаңалықтары

СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жеңіл көлікпен сиырды қағып кеткен. 8-ші мамырда қараусыз жүрген жануардың қатысуымен болған жол-көлік апаты Петерфельд ауылының маңында болған.
«Ravon nexia» маркалы көлікті 43 жастағы петропавлдық тізгіндепті.
Жануар мерт болып, көлікке механикалық зақым келген. Қараусыз қалдырылған мал иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды. Жалпы, жыл басынан бері облыста жануарлардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Самал Жунусова