МТРА жаңалықтары

Облысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров келді

Бүгінгі таңда референдум – күн тәртібіндегі ең өзекті тұрған мәселе. Жалпыхалықтық дауысқа салуға дейін 19 күн уақыт қалды. Осы орайда облысымызда реформаның маңыздылығын түсініру бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ақпараттандыру жұмысының аясын кеңейту мақсатында бүгін облысымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров келді. Халық қалаулысы өзінің жұмыс сапарында алғаш болып «AMANAT» партиясы облыстық филиалының активімен кездесті.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Менің іс-сапарым Қызылжар қаласына ғана емес осы облысымыздың басқа да елді мекендерінде болады. Сапар барысында елдің экономикасын және халықтың игілігін арттыру мәселесіндегі қадамдарды нақты айтатын боламын.

Ерлан Сайыров Солтүстік Қазақстан облысында 4 күн болады. Ертең халық қалаулысы Мағжан Жұмабаев ауданына ат басын бұрмақ.

Бердимурат Баймуха