Қызыл Ай қоғамына 85 жыл толып отыр

МТРА жаңалықтары

23:22 17 Мамыр 2022

«Қызыл Ай» қоғамы көмекке зәру жандарға әрдайым қол ұшын созады. Толық емес отбасыларға қаржылай көмек, үй-күйсіз жүрген адамдарға киім-кешек пен ыстық тамақ үлестіреді. Қарттар, мүгедектер мен жетімдер де назардан тыс қалмайды. Осындай игі іспен айналысатын азаматтардың бірлестігіне биыл 85 жыл толып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Қызыл Ай» халықаралық деңгейдегі гуманитарлық көмек көрсететін қоғам болып табылады.

ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, “ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы” ҚБ СҚОФ президиумының төрайымы:

– 85 жылдық тарихында “Қызыл Ай” қоғамда жақсы, игі істерді көп қолға алды. Ол Ұлы Отан соғысынан бастап бүгінгі күнге дейін қоғамға қажетті көмек көрсетуде. Төтенше жағдайда қалыс қалмады. Біздің өзіміздің облысымызға келсек, Оразова Сәуле Бекхожаевна осы қоғамды 30 жылдан астам уақыт басқарып отыр. Осы уақыттың ішінде біз көптеген сайыстарға қатысып, көптеген гуманитарлық жобалардың жеңімпазы атандық.

Атаулы датаға орай Достық үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылып отыр. Оған білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ТЖД мамандары және облыстық қан орталығының өкілдері қатысуда. Жиын барысында “Қызыл Ай” қоғамының өкілдері белсенді азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттап, атқарып жатқан шаруалары үшін алғыстарын білдірді. Қошеметке бөленгендердің бірі – Әлия Аблина. Ол 10 жылдың көлемінде шарапаты мол шаралардың басы-қасында жүр.

Әлия Аблина, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының әлеуметтік ұстазы:

– “Қызыл Ай” маған өте ыстық. Өйткені, әкем Аблин Қаратай Әбілеұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, өмірінің 40 жылын медицина саласына арнаған адам. Әкем 50 жылдан артық еңбек есте, соның 40 жылын осы “Қызыл Айдың” қатарында өткізді. Донорлық қызмет атқарды, “Қызыл Айдың” купондарын таратып, елге көп көмек жасады. Сондықтан, 01:37 мен әкемнің жолын ары қарай жалғастырамын деген оймен “Қызыл Ай” орталығына келіп, өз көмегімді берудемін.

Бұл жиынға құтқарушылар бекерден-бекер келіп отырған жоқ. Олар “Қызыл Ай” қоғамымен тығыз қарым-қатынаста. Соңғы 3 жылда ұйым көктемгі су тасқынынан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға 80 млн теңге берген.

Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Тұрғындар бірнеше көшенің жабылғанына наразы
«Шұғыл шақырту» бағдарламасы 04.06.2022
Мәдениет және өнер қызметкерлері құрметке бөленді
Мас жүргізушілер ұсталды
Өнеркәсіп пен құрылыс қарқыны
Жаңа жоба – «АНК kids» лагері
Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды
“Есірткісіз қала” акциясы
“Туған елге тағзым” шарасы
Ономастика мәселесіне арналған алқа отырысы
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ашық есік күні өтті