Мәдениет

Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде! Биыл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовтың туғанына 120 жыл толмақ. Осыған орай Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында мемлекет қайраткерінің өмір жолына шолу жасалды.

Атақты тұлға 1902 жылы Омбы облысында туған. Ол 1925 және 38-ші жылдар аралығында Ақмола губерниясының орталығы – Петропавл қаласында еңбек етті. Мұнда қазақ тілінің беделін арттыру, қолданылу аясын кеңейту мақсатында аянбай тер төгіпті. Кейін Алматыға ауысқан екен. Азамат өзінің саналы ғұмырында білім мен ғылымда ғана емес, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларында ілкімді істерімен тарих беттерінде қалды. Жұмабай Шаяхметов Орталық Комитеттің бірінші хатшысы болып 46-шы жылдың маусымында тағайындалды. Оны Сталин ел басындағы жандарға Мәскеуде өткен парадта таныстырыпты. Облыс орталығында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиынына мемлекет қайраткерінің немересі Ринат Шаяхметов қатысты.

Ринат Шаяхметов , Жұмабай Шаяхметовтың немересі:


– Атам Жұмабай Шаяхметов Петропавлда 13 жыл қызмет етіп, маман болып қалыптасты. Балалары дүниеге келді. Оның ішінде менің әкем де бар. Қалада атам Пушкин көшесіндегі 44-ші үйде тұрыпты. Ол үй әлі бар екен. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде Жұмабай Шаяхметов атындағы қор құрылған. Онда құнды құжаттар сақтаулы тұр. Осындай бастамаларды қолға алған жандарға алғысымды білдіремін.

Байболат Култанов