Жеңіс саябағында “Достық” аллеясы ашылды

МТРА жаңалықтары

21:56 16 Мамыр 2022

Петропавлда жаңа “Достық” аллеясы ашылды. Жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Жеңіс саябағында 20-дан астам шырша екті.

Таңмен таласа жиналған жандар қолдарына күрек, суқұйғыш ұстап шаруаға білек сыбана кірісіп кетті. Ілкімді істе, әсіресе, жастар ерекше белсенділік танытуда.

ДИНАРА ОРАЗБАЕВА, “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісі:

 

-Бүгінгі іс-шараға жастар мен жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет ететін 21 ұлт өкілі қатысып жатыр.

Жаңа саябаққа 25 түп шырша егілді. Бұл көрікті жер аққайыңдар өлкесінде тұратын барлық этностардың достығы мен бірлігінің символына айналмақ. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр өңірде халықтар достығына арналған саябақ ашу қажеттігін айтқан болатын.

ВАЛЕНТИНА КОРНЕВА, “Коперник” облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

– Біз табиғатқа қамқорлықпен қарауымыз қажет. Қаламызды барынша көгалдандырып отырсақ, ол одан сайын көркейе түседі. Ағаш отырғызу – сауапты іс. Мұндай шарапаты мол шараға қатысуда, әсіресе, жастар қауымы белсенділік танытуы қажет.

Өңірде бүгінде бір емес бірнеше “Достық” аллеясы бар. Бұл игі істі Достық үйінің өкілдері әуелде – 2014 жылы қолға алған екен. Жасыл желек отырғызу ісі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

“Есірткісіз қала” акциясы
“Туған елге тағзым” шарасы
Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Ономастика мәселесіне арналған алқа отырысы
5 мыңға жуық петропавлдық көлік салығын төлемеген
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ашық есік күні өтті
СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам есірткі қылмысы анықталды
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды
Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту
Өнеркәсіп пен құрылыс қарқыны
Облыстық қоғамдық кеңес отырысы
Жаңа жоба – «АНК kids» лагері