ТЖ

Судағы қауіпсіздік жөнінде рейд өтті

Күн жылынып, суға түсу маусымы жақындаған сайын құтқарушылар да секем алып, сақтық шараларын күшейте бастайды. Мамандар қазір өңірдегі негізгі өзен-көлдердің маңында рейд өткізуді жиілетті.  Айтуларынша, су жағасында жалғыз өздері жүрген балаларды жиі байқайды. Сондай-ақ, жағалауда асыр салып ойнап, балық аулап отыратын балалар да бар екен. Тіпті, суға жақындаған ересектердің өздері де көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін ұстанбайды. Ал оның арты соқпақты болуы мүмкін.
Сол себепті, қайда жүрсеңіз де, қалай жүрсеңіз де, әуелі сақтық шарасын ұмытпау қажет.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

 – Өткен жылы облыста 22 адам суға батып кетті. Оның алтауы – бала. Соның ішінде 16 адам дәл суға шомылу маусымы кезінде қаза тапты. Ал соңғы 9 жылда өңірде 211 адам су құрбаны болды. Оның 33-і – бала.

Данаш Хамзина