МТРА жаңалықтары

Сенат депутаты студенттермен кездесті

Облысымызға жасаған іс-сапары барысында Ерік Сұлтанов жергілікті университеттің студенттерімен жүздесті. Парламент Сенатының депутаты бас корпустың аудиториясына жиналған жастарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп жатыр. Мақсат – қыз-жігіттерге алдағы уақытта орын алатын реформаның маңыздылығын жеткізіп, оларды жалпыхалықтық дауысқа салуға шақыру.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Сенаторлар бірнеше күннен бері өңірлерге шығып тұрғындармен кездесіп жатырмыз. Халқымыз реформаны түсініп, қолдап отыр.

Халық қалаулысымен кездесу барысында жастар толғандырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты. Жалпы, жас буын өкілдерінің барлығы дерлік елде орын алатын өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.

АЙНҰР ДОСАН, Қозыбаев университетінің студенті:

– Мен қазіргі күні Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаймын. Олардың барлығын оқып, танысып шықтым. Маған ұнады.

Жалпы, бүгінгі іс-шараға 50-ден аса студент қатысты.

Бердимурат Баймухан