МТРА жаңалықтары

Референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшелері мектептерді аралап жүр

АЛДИЯР АЙТПАЕВ:

– Еліміздегі екінші референдум. Алғашқысы 1995 жылы өткізілді. Ол кезде халық Ата заңды бірауыздан қабылдаған еді. Енді міне араға 27 жыл салып саяси іс-шара қайта өтпек. Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға маусымның 5-і күніне белгіленді.

Саяси науқан жайлы түсіндіру жұмыстарын түрлі мекемелерде референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының мүшелері жүргізуде. Бүгін қоғам белсенділері Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепке бас сұқты.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, референдумды қоғамдық қолдау облыстық штабының төрағасы

– Президентіміз жаңа Қазақстанды бірге құрайық деді. Бәрімізге белгілі, мемлекет басшысының 4-ші жолдауы өтті. Барлық жолдауларында азаматтық қоғамды дамыту бойынша ұсыныс жасалды. Осыған байланысты бізде конституциялық өзгерістер енгізілгелі жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, Ата заңның үштен 1 бөлігі өзгереді және 2 жаңа бап қосылады. Бүгінгі жиынға қатысып отырған ұстаздар қауымы бұл саяси іс-шараның маңыздылығын жақсы түсінеді. Бұл еліміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатының артуына серпін береді дейді Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының орынбасары Шынар Темірханова.

ШЫНАР ТЕМІРХАНОВА,  Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

– Әрине, біз бұны қос қолдап қолдаймыз. Себебі, бұл жаңа Қазақстанды құруға бағытталып отыр. Бұл саяси іс-шараның арқасында елімізде үлкен жақсы бір өзгеріс болады деген сенімдеміз. Үлкен бастаулар әрқашан бола берсін. Болашаққа үлкен сенім артып отырмыз.

Өңір тұрғындарының 300 мыңнан астамы дауыс беру құқығына ие. Бұл – облыс халқының тең жартысы.

Алдияр Айтпаев