МТРА жаңалықтары

Ақжар ауданының әкімі өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады

Жылдағы дәстүрге сай өңірде аудан әкімдерінің есебі бастау алды. Бүгін жергілікті коммуникациялар қызметінің алаңында бірінші болып Ақжар ауданының әкімі сөз сөйледі. Қанат Қалиев өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларды тілге тиек етті.

 ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, Ақжар ауданының әкімі:

– Ақжар ауданы – ауыл шаруашылығына негізделген аймақ. 02:00Ауданның еңбекқор егіншілері мен диқандары қай кезде де қажырлы жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, аудан экономикасының маңызды саласы болатын ауыл шаруашылықта айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы ауыл шаруашылығы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 87,0%-ды құрап, 49 млрд 683 млн 500 мың теңгені құрады. Өткен орақ науқанында ауа райының қолайсыздығына қарамастан өнімділігі 11,3 ц/га болған 214 мың тонна астық жиналды.

Ақжар ауданының мал шаруашылығындағы көрсеткіштері де жаман емес. Бірнеше маңызды инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Ауданға өткен жылы Батыс Еуропа елдерінен 600-ден астам ірі қара жеткізілді. Ауданда жол мәселесі өзекті. Ақжарлықтар Бостандық пен Киевское арасындағы 57 шақырымды бірнеше жыл бойы жөндеп беруді сұрап жүр.

 ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, Ақжар ауданының әкімі:

– Биыл Ақжар ауданының жолдарын қалыпқа келтіру үшін 1 млрд қаржы бөлінді. Қомақты ақшаға Бостандық-Киевское тас жолы да жөнделеді. Шаруа бүгінде басталып кетті.  Ол – 2 жылдық жоба. 2 айдық ішінде 7 шақырымы жөнделеді.

Келесі мәселе таза ауызсуға қатысты. Қанат Қалиевтің сөзіне сенетін болсақ, бүгінде тұрғындардың 100%-ы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген.

ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, Ақжар ауданының әкімі:

 – Ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 87,5% (21 елді мекен) құрайды. 2021 жылы бюджеттен сумен жабдықтау саласына 5 жобаға 131,4 млн теңге бөлінді (Ленинградское селосында екі су сақтау құбыры орнатылды және 13,3 км су құбыры тартылды, Талшықта 57 су тұтқасы ауыстырылды). Сонымен қатар, 13,3 км (Ленинградское, Киевское) су құбыры салынды, осының нәтижесінде 230 үй су құбырына қосылды.

Ауданда биыл су тазартатын 4 қосын жөнделеді. Оған аудандық бюджеттен 10 млн теңге бағытталып отыр. Өткен жылы аудан орталығында қазандықтың іске қосылып, 12 әлеуметтік нысан мен көппәтерлі 8 үйге жылу жетті. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

Дана Ешкенова