Спорт

Петропавлда алғаш рет мейбукан годзю-рю карате-додан ел чемпионаты өтті

Петропавлда алғаш рет мейбукан годзю-рю карате-додан Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі дода 400-ден астам каратешінің басын қосты.

Дәл қазір жарыс жеткіншектер арасында өтіп жатыр. 1-ші татамиде өңір намысын Владимир Кремлёв қорғауда. Оның қарсыласы – алматылық каратеші.
Тартысты кездесу қатысушылар үшін қиынға соғып жатқан сыңайлы. Жан алысып, жан беріскен сайыста теріскейлік спортшының асығы алшысынан түсті.

Владимир Кремлёв, чемпионатқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Алматылық каратеші – лайықты қарсылас. Кездесу тартысты өтті. Бұл чемпионатқа 5 айдың көлемінде тыңғылықты дайындалдым. Жалпы, каратемен өзім 4 жасымнан айналысамын. Бұған дейін де талай жарысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көріндім. Болашақта каратеден биік белестерді бағындырып, бапкер болғым келеді.

Енді дүбірлі дода жасөсіпірімдер арасында өтіп жатыр. Дәл қазір алаңда Алматы қаласы мен Рудныйдың каратешілері бақ таластыруда. Олар толық контакт пен жартылай контакт ережесі бойынша күш сынауда. Тартысты кездесуде жойқын әрі дәл соққыларымен алматылық каратеші Мейіржан Айтжан жеңіске жетті.

Мейіржан Айтжан, чемпионатқа қатысушы, Алматы қаласы:

-Жарыс жақсы өтті. Қарсыласын Андрей жақсы төбелесті. Оған келесі жарыста сәттілік тілеймін. 00:25 Каратемен айналысп жүргеніме 9 жыл. 02:04 Болашақта осы спорт арқылы Қазақстанның атын әлемге танытқым келеді.

Петропавлда өткен ел чемпионатына еліміздің 10 облысынан 400-ден астам спортшы қатысты. Спортшылар 3 күн бойы өз қарым-қабілеттерін ортаға салды. Каратешілердің ең жасы – 6-да ғана.

Нұрлан Керімбаев, “Мейбукан годзю-рю карате-до федерациясы” РҚБ президенті:

– Алғаш рет СҚО-да Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Бұған дейін республикалық турнирлер әрине болды. Бірақ, чемпионат түрінде алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Кеше “ката” спорттық бағытындағы ережемен өтті. Бұл жерде командалық үш орынды Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстары бөліп алды. Бүгінгі ереже бойынша толық контакт пен жартылай контакт ережесі бойынша өтуде. 01:10 Толық контакт пен жартылай контакттың жас ерекшелігі 12-13 жастан басталады. Өйткені, онда қол қайыру, қылқындару әдістері бар және қоңыр белбеуден кем болмауы керек.

Сонымен, жалпыкомандалық есепте бас жүлде алматылық каратешілерге бұйырды. Екінші орынды солтүстікқазақстандықтар иеленсе, қола жүлдені Қызылорда мен Қостанай облыстарының спортшылары қанағат тұтты.

Дана Ешкенова