МТРА жаңалықтары

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Петропавлда конституциялық өзгерістерді түсіндіру жөнінде жұмыс тобы құрылды. Топ “AMANAT” партиясының өкілдерінен тұрады. Мамандар нысандарды аралап, алдағы саяси іс-шара жайлы айтпақ. Жерлестеріміз алғаш ат басын бұрған мекеме – облыстық көпсалалы аурухана.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанды құратынымызды айтты. Түзетулер суперпрезиденттік басқару үлгісінен ықпалды Парламент пен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға көшуді көздейді. Яғни, болашақта бірқатар мәселені Президент емес, парламент пен мәжіліс шешетін болады. Бұл жаңа мемлекет құру мен үкіметтің дамуына үлкен септігін тигізеді.

Сондықтан, референдумға қатысу қажет. Бұл – қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваевтың пікірі.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Біздің жұмысымыз – тұрғындарға орын алатын өзгерістерді түсіндіру. Маусымның 5-і күні дауыс беруге келген кезде азаматтар қандай таңдау жасайтындарын білуі тиіс. Біздің мақсатымыз – осы.”

“AMANAT” партиясында құрылған топ мемлекеттік мекемелермен қатар, завод, фабрикаларға да ат басын бұрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, колледждер мен университетте басты назарда болады.

Алдияр Айтпаев