Әр түрлі

Дауылдың салдары

Дүлей дауыл әлекке салды! Секундына 23-28 метрге дейін соққан қатты жел Петропавлда салынып жатқан сауда кешенінің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатты.

Қирандылар мен жасыл желек жер үй мен жол шетінде тұрған 2 бірдей көлікті басып қалды. “Шаңды дауыл өңіріміздің солтүстік, батыс және оңтүстік бөлігінде кешкі сағат 21:00-ге дейін сақталады”,- дейді Қазгидромед мамандары. Осы орайда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамымен бөлісе кетейік. Мамырдың 7-сі мен 8-і күндері
облыста сынап бағанасы төмендеп, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Көктайғақ та болуы ықтимал.

Бердимурат Баймухан