ТЖ

Биыл облыста 17 көлік өртеніп кетті

Мына кадрдағы оқиға өткен сенбі күні Петропавлда болды. Чайковский көшесінің бойында тұрған «Ауди 100» маркалы автокөлігін таңғы сағат жеті жарым шамасында түгел от шарпыды. Қызыл жалынның салдарынан оған орнатылған газ баллоны да жарылып кеткен.

Автокөлік қас қас қағым сәттің ішінде жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенше дейін оның сау тамтығы қалмады. Мамандардың сөзінше төтенше жағдай электр сымдарының қысқа тұйықталуынан туындаған.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Өрт сөндіру көлігі келгенше дейін көлікке орнатылған газ баллоны жарылып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік иесі – 74-ші жылғы ер адам. Негізі, көлікті лезде сөндірмесе ол тез жанып кетеді. Сол себепті, тұрғындарды аса сақ болуға шақырамыз.

Уақытылы техникалық байқаудан өтіп, қауіпсіздік ережелеріне мән беру, өрт сөндіргіш құралды қолжетімді жерде ұстау. Бұл талаптарды әр көлік жүргізушісі қатаң ескеруі қажет. Себебі, темір тұлпар отқа оранса, ол 5-10 минуттың ішінде түгел жанып кетеді дейді мамандар. Жалпы, жыл басынан бері облыста 17 рет көлік өртенген.

Бердимурат Баймухан