МТРА жаңалықтары

ҚХА сессиясына қатысқан жерлестеріміз өз пікірін білдірді

Тақырыптан ауытқымаймыз. «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі». Осындай атаумен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мемлекет басшысы жаңа елді құру үшін еліміздің жерін басып жүрген әрбір отандасымыз оған ат салысуы тиіс деді. Ол үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен қайта қарастыру қажет. Айта кету қажет, алқалы жиынға біздің облыстан да делегация қатысты. Делегация мүшесі, қоғам белсендісі Гүлбақша Мұсабаева бізбен байланысқа шығып, телефон арқылы өз ойымен бөлісті.

Гүлбақша Мұсабаева, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ атқарушы директоры:

– Осы сессияда ҚХА Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ассамблеяның саяси реформаларға белсенді қатысуына жеке үлесіп қосуы керек деген ой тастады. 1-20 Қазіргі таңда елімізде жұмыс істеп, білім алып жатқан кез келген ұлттың өкілі елімізге бейжай қарамауы тиіс деді мемлекет басшысы.

Бердимурат Баймухан