COVID-19: Қазақстан

Әлемдегі коронавирустық ахуал

Бердімұрат Баймұқан, тілші:
– Коронавирус дегенде 2 жыл бұрын вирус шыққан Қытай еске түседі. Жуырда бұл елде аталған індет жаппай тарала бастады. Ол стелсс-омикрон деп аталатын жаң аштамм болып шықты. Инфекция дереу ауыздықталған. Көрші елдегі эпидахуал түзеліп келеді.

Аспан асты елінде әлемдік нарыққа тауар жөнелту ісі де жандана бастады. Осы аптада Қытайдан АҚШ-қа жаңа ноутбуктер жөнелтілмек. Осы орайда мұхиттың ар жағындағы алып елге де тоқтала кетейік. Америка Құрама Штаттарында коронавирусты жұқтыру жағдайлары өсіп барады.

Бердімұрат Баймұқан, тілші:

– АҚШ-та коронавирусқа қазір көбінесе балалар шалдығып жатыр. Өткен аптаның өзінде 37 мыңнан астам адам сырқаттанған. Сол себепті, америкалық “Pfizer” вакцинасын өндіруші 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға бустерлік дозаны қолдануға рұқсат сұрап отыр. Препаратты өндіруші мамандардың сөзінше одан ешқандай кері әсер болмайды.

Ал өз елімізге келетін болсақ, бізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне инфекция жұқтырудың 20 жағдайы ғана тіркелуде. Өңірлердің барлығы – “жасыл” аймақта. Десе де, вакцинация науқаны әлі жалғаса береді. Бүгінге дейін коронавирусқа қарсы екпенің қос компонентін 9 млн-нан аса адам салдырған.

Бердимурат Баймухан