Спорт

Өңірде “Қайсар” әскери-патриоттық жобасы бастау алды

Жарысқа қатысушылардың бірі – Дарья Андреева. Ол сабақта да алда, спортқа да жақын. Жүгіру десе ішер асын жерге қоюға әзір бұрымды 4 қыздың арасынан бірінші болып келді.

Дарья Андреева, жарысқа қатысушы:

– Біз бүгін мың метрге жүгірдік. Нәтижеме көңілім толады. Екінші кезеңде 50 метрге жүземіз. Жеңемін деген ойдамын.

Жүзуден қыздар мен ұлдар жеке-жеке сайысады. Жарыс басталмай тұрып оқушылар денелерін қыздыруда. Сайысты бірінші болып ер балалар бастады. Жарысқа 2 бірдей мектептің оқушылары қатысып жатыр.
Бұл сында ер балалар арасында Кирилл Провоторов 50 метрді 29 секундта еңсеріп, 3-ші орынды иеленді.

Кирилл Провоторов, жарысқа қатысушы:

Жарысқа келген кезде бір-бірден жүзіп дайындалдық. Одан кейін командамен уақытқа жарыстық. Қашықтыққа жүгіруге де қатыстым. 3 км-ді 14 минутта жүгіріп өттім.

Жеңімпаздарға жекелей медаль мен мақтау қағазы берілді, ал команданың өзіне кубок табыс етілді. Алтын кубок Александр Слухоевский атындағы лицей шәкірттеріне бұйырды.

Біржан Құдайбергенов, «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

Жеңіске жеткен жүлделі команда республикаға финалға баратын болады. Бұл әскери патриоттық ойындарының басты мақсаты – еліміздегі жастардың арасында әскерге барудан бас тартпау үшін. Бұл елімізде патриотизмді жаңғырту мақсатында өткізіліп жатқан партиялық жоба.

Іріктеуі кезеңінде оқушылардан облыс құрамасы жасақталады. Олар өңір намысын республикалық додада қорғайды. Бұл жарыс Нұр-Сұлтан қаласында мамырдың 3-і мен 6-сы аралығында өтеді.