Әр түрлі

Повозочное ауылының тұрғындары “AMANAT” партиясына жүгінді

Шалғайдағы ағайынды жолдың жайы толғандырады. Шал ақын ауданына қарасты Повозочное ауылының тұрғындары көкейдегі мәселелерін “AMANAT” партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеткізді.

Аталған елді мекен халқының айтуынша, соңғы 3 жылда ауылға кіреберіс жол 2 рет жөнделген. Бірақ, жұмыс қос мәрте де сапасыз тындырылған. Әр көктемде қиыршық тастармен қалыпқа келтірілген трасса жарамсыз болып қалады екен. Жерлестерімізді толғандырған түйіткіл бұл ғана емес. Ауылда нысандарды орталықтандырылған сумен жабдықтау, дәрігерлік амбулаторияның шатырын жөндеу және бизнесті дамытуға гранттар алу мәселесі де өткір тұр.

Бердимурат Баймухан