Мәдениет

Петропавлда Құран оқудан жарыс өткізілді

Қазір ұл-қыздар жарты пара, яғни қасиетті құранның 10 бетін жатқа айтып жарысуда. Ең бірінші болып қатысушылар билет тартады. Кейін сол қағазда жазылған 3 сүренің басын не аяқ жағын кезек-кезек оқиды.
Дінмұхаммед Әлжанға 4-ші билет түсті. Ең бірінші болып жас “Қадр” сүресінің басын оқи бастады.

3 сүрені де қолына құран ұстаған Дінмұхаммед еш кідірместен оқып берді. Жалпы, тайыншалық жеткіншек арапша әріп танып, сүре жаттауды 8 жасынан бастапты.

Дінмұхаммед Әлжан, сайысқа қатысушы, Тайынша ауданы:

– Атам себепкер болды. Кішкентай кезімнен көмектесіп, мешітке бірге апарып жүрді. 48 Бүгін жарты параға қатыстым. Былайша 1 парасын білемін. Жартысын қайталап үлгермедім.

Ал небәрі 10 жастағы Хисбуллох Зулфукаров Құран кәрімнің 1,5 парағын жатқа біледі. Бүгін ол осы санатта сынға түспек.

Хизбуллох Зулфукаров, сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы

– Жарты жылда 1,5 параны жаттадым. Кейінгі жоспарларым қари болып, ғалым боламын. Жарысқа жақсы дайындалдым. Барлық сүрелерді қайталап, пысықтадым. Жарыстан орын аламын.

Жалпы, бүгінгі жарысқа қолдарына Құран кәрімді алып, сүре жаттап, құбылаға қараған 100-ге жуық адам қатысып отыр. Қасиетті кітап түскен Рамазан айында ұйымдастырылған іс-шараны көруге ата-әжелер де келіпті. Қариялар ауыздарында “Бісмілләсі” бар ұрпақтарының қарым-қабілеттерін көріп, бір марқайып қалды.

Сайысқа қатысып жатқандардың барлығы да қала, аудан ұстаздарынан дәріс алып жүрген жандар екен. Бүгін олар бас жүлде – дәлірек айтсақ, Ұмра, яғни кіші қажылыққа жолдама үшін сынға түсуде.

Хамзат Әділбеков, облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

– Әлбетте ол балаларды тәрбиелеген ата-анасы бар. Сол өзінің баласы, ұрпағы ата-анасын кіші қажылыққа аттандырып жатса үлкен ғанибет қой. Бас жүлде сол – кіші жақылық. Одан кейін ақшалай сыйлықтарымыз бар. 1-ші орыннан бастап 6-шы орынға дейін.

Жарысты қорытындылай келе бас жүлде 7 жастағы петропавлдық Мухсина Зулфукароваға бұйырды. Жеңімпаз қыз кіші қажылыққа әкесін жіберетін болды.

Алдияр Айтпаев